Цитомегаловирус ? расында түсікке және дамымай қалған жүктілікке (замершая беременность) алып келуі мүмкін, бірақ егерде жүкті әйелде?? иммунитет болмаса ғана☝?
Постты сақтап алып?, танысыңызбен бөлісе кетіңіз✈️
Мысалы жүкті келіншек жүктілікке дейін цитомегаловирусты? мүлдем жұқтырмаған және жүктілік кезінде бұл вирусты бірінші рет кездестіріп тұр. Осындай жағдайда цитомегаловирус ұрыққа әсер етіп⚠️, туа біткен соқырлық?, кереңдік? сияқты ақауларға алып келуі мүмкін.
Әрине цитомегловирустың ұрыққа әсер ету пайызы жоғары емес, тек 8-9 %, бірақ қауіп бәрі бір бар‼️
Сондықтан жүктілікке дайындалу барысында цитомегаловирусқа? сізде иммунитет бар ма, жоқ па, анықтаған дұрыс?
Ол үшін ИФА анализын? (қан тапсырасыз, мазок емес) тапсырып, ЦМВ-ға иммунитетіңізді анықтауға болады??
Егер анализ қорытындысы:
✅Ig G-, Ig M- болса
– сіз ешқашан цитомегловирусты жұқтырған жоқсыз және сізде бұл вирусқа иммунитет жоқ??♀️. Жүктілік кезінде гигиена шараларын қатал сақтаңыз??☝?
✅ Ig G-, Ig M+ болса
– ЦМВ-ны енді ғана жұқтырған болуыңыз мүмкін, жүктілікті қоя тұрыңыз
✅ Ig G+, IgM- болса
-сізде ЦМВ-ға иммунитет бар, жүктілікті жоспарлай берсеңіз болады. Тек егер бұған дейінгі жүктіліктерде балада туа біткен ақаулар кездескен болса?, қосымша авидностьқа анализ тапсырыңыз;
✅Ig G+, IgM+ болса
– ЦМВ-ны жақында жұқтырдыңыз, жүктілікті қоя тұрғаныңыз дұрыс. Анализді 2-3 аптадан кейін қайта тапсырыңыз.
Ал сіз цитомегаловирусқа анализ тапсырып көрдіңіз бе? Қорытындысы қалай шықты?⤵️
#жүктілік#гинекологалматы#цитомегаловирус#гинекологқасұрақ#гинекологқазақша#түсіктастау#замершаябеременность#замершийплод#беременность#жанарержан#жуктилик#жуктиликкедайындык#жүктіліктіжоспарлау#жеңілбосану#жеңілбосанудұғасы#жүктіана#эрозияемі#выделение