Әйелдің интимді гигиенасы өте маңызды?

Түрлі гинекологиялық аурулардың алдын алу үшін әйел адам әрбір дәретке барған сайын таза жылы сумен жуынып отыруы маңызды?

Кіші дәреттен кейін де теріде қалатын зәр қалдықтары теріні тіркендіреді☝?, сол арқылы терінің қорғаныш қабатын бұзып, түрлі ауруларға бейім қылады?

?Жуыну барысында шат сүйектен тік ішекке қарай жуыну керек. Өйткені тік ішектің айналасында түрлі патогенді бактериялар болады?. Егер артқы жақтан алға қарай жуынатын болсаңыз, сол патогенді флораны қынап аймағына алып келесіз?

Егер түрлі интим гельдердің ?қажеттілігіне келетін болсақ, интим гельдерді 1-2 күнде бір рет қолдану жеткілікті. Күнде бірнеше рет қолданатын болсаңыз, интим гельдер терінің құрғақтығына алып келеді? Ал құрғақ тері өзінің қорғаныш факторларын жоғалтып, инфекцияларға бейім болады☝?

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ интим гельдердің сапалы түрлері сабынға ? қарағанда жұмсағырақ болып табылады. Яғни сабын теріне көбірек құрғатады. Сабын қолданатын болсаңыз, балаларға арналған түрін таңдағаныңыз дұрыс?

Ал әйел адамның күнделікті гигиенасына таза жылы судың өзі жеткілікті?. Таза су қолжетімсіз болса, құрамында спирт жоқ сулы майлықтарды қолдануға болады?

Ал сіздің интим гельдерге көзқарасыңыз қалай?⤵️