Талияңызды өлшеп көрдіңіз бе??

Көп жағдайда біз әйел қауымы??‍♀️ауруымыз асқынып, шыдатпай бара жатқанда ғана дәрігерге жүгініп жатамыз. Оған қоса “қайдан ғана шыға келді мына дерт”-деп ренжіп алатынымыз да бар?
Неге?

Өйткені біз өз ағзамызға құлақ түрмейміз. Расында ағзамыз бізге сигналдар жіберіп тұрады?
Басымыз ауырғанда,ішіміз қатқанда,асқазанымыз қыжылдап,жүрегіміз шым ете қалғанда ⚡️ағзамыз не дегісі келді екен деп тыңдап көрсек қой шіркін.Бәлкім көптеген асқынған аурудың алдын алуға болар ма еді?

Өкінішке орай біз өз денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз.Тіпті өз қан тобымызды? білмей жататын кездер болып жатады.Оған қоса,гинекологқа ешқашан қаралмаған әйелдер де баршылық.Мұның себебі әртүрлі болуы мүмкін,бәлкім қорқыныш,сенімсіздік немесе қажет емес деп ойлаудан!

Дегенмен де дәрігерге ??‍⚕️профилактика үшін уақытылы көріну,ағзаға қажетті дәрумендермен көмектесу?,өміріміздің сапасын едәуір жақсартатыны сөзсіз!
Біз амалын жасаймыз,нәтиже Алладан??!

Сіздерге бүгінгі ұсынарым міндетті түрде өту керек процедура тізімі

Әрбір әйел жыл сайын тапсыруы керек анализдер? мен өтуі керек тексерілістерді білгіңіз келсе, карусельге өте қойыңыз??
Постты сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісе кету керегін ✈️де ұмытпаңыз

Ағзамыздың жағдайын біліп отыру үшін кем дегенде жылына бір рет жалпы қан анализін ?және жалпы зәр анализін тапсыру керек?

Қалқанша безінің проблемалары біздің елде жие кездесетін болғандықтан қалқанша безіңізді де тексеріп отыруға кеңес беремін. Ол үшін ТТГ, Т3свободный, Т4 свободный, антиТПО гормондарына анализ тапсырыңыз

Гинекологияға келетін болсақ, онда кіші жамбас қуысының узиі және жатыр мойынының онкологиясына тексеретін онкоцитологияға мазок жылына бір рет☝?

Ары қарай көрсеткіштерге байланысты кольпоскопия?, адам папилома вирусына ПЦР (ВПЧ)?

Арнайы жастағы адамдарды тексеріп отыратын біздің елімізде скрининг бағдарламалары да бар?

Мысалы жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтауға арналған жидкостная онкоцитология 4 жылда 1 рет өткізіліп отырады?. Бағдарлама аясында 30-70 жас аралығындағы әйелдер тексеріледі??
Бірақ жатыр мойынының қатерлі ісігі 30 жасқа толмаған келіншектерде де кездеседі. Сондықтан жыныстық қатынасты бастаған келіншек болсаңыз, жылына бір рет онкоцитологияға тапсырып отырыңыз✅

2 жылда 1рет 40-70жас аралығындағы әйелдер сүт безінің қатерлі ісігіне тексеріліп отыруы тиіс. Бірақ сүт безінің қатерлі ісігі 40 жасқа дейін де кездесуі мүмкін. Сондықтан 2 айда бір рет үй жағдайында сүт бездерін тексеріп отыруға ұмытпаңыз. Сут бездерін тексеру ережелерін карусельге салдым?
Егер омырауыңыз мазалайтын болса, уақытылы маммологқа барғаныңыз дұрыс??‍⚕️

Тік ішек қатерлі ісігі біздің елімізде жие кездесетін рак түрлеріне жатады, сондықтан скрининг бағдарламаларына енді
2жылда 1рет 50-70 жас аралығындаға әйел және ер адамдар арнайы тексерілулерден өтіп отыруы тиіс

Артериялық гипертонияға, яғни қан қысымының жоғары болуы?, қант диабетіне, жүректің ишемиялық ауруына, глаукомаға? (көз ауруы) 2жылда 1рет 40-70 жас аралығындағы ер және әйел адамдар өтіп отыруы керек☝?

Ал енді посттың басындағы сұраққа оралатын болсақ, талияңызды өлшеу арқылы да денсаулығыңыз туралы ақпарат алуға болады?.
Талияңыздың өлшемі үлкен болған сайын, қант диабеті және жүрек ауруларының қаупі жоғарылайды.

Әйел адамның талиясы 8️⃣0️⃣ см-ден, ер адамдікі 9️⃣0️⃣ см-ден аспағаны дұрыс.

Әрине жүкті келіншектерге?? бұл өлшемнің көрсеткіштері жарамайды, бірақ босанып болғасын, 3 айдан кейін өлшеп көрсеңіз болады.

Ал сіз жыл сайын дәрігерге қаралып отырасыз ба? Немесе ауруыңыз асықынғанда ғана дәрігерді іздейсіз бе?