«Бір кесір тілігі болса, ары қарай да тек кесір тілігімен босануға болады??♀️»
деп ойлайтын келіншектер көп екен.
Жоқ, қыздар, керісінше бір кесір тілігі болса, келесі жүктілікті табиғи жолмен босануға тырысу керек??
Неге? Статистика бойынша? кесір тілігінен кейін табиғи жолмен босанған келіншектерде асқыну пайызы төменірек екен?. Өйткені әрбір кесір тілігі ота болғандықтан?, ағзаға қауіп болып саналады
Пост өте пайдалы, сақтап алып?, жақындарыңызбен бөлісе кетіңіздер✈️
Кесір тілігінен кейін табиғи жолмен босану әр әйелде жеке қарастырылуы тиіс.
Мысалы сіздегі кесір тілігі жүрек проблемасынан❤️, немесе көзіңіз нашар көріп?, офтальмолог табиғи жолмен босануға тыйым салған болуы мүмкін. Ондай жағдайларда әрине көз, жүрек проблемалары шешілмей, сіз келесі жүктілікте табиғи жолмен босана алмайсыз.
Бірақ мынандай ситуация болуы мүмкін☝?. Сізде физиологиялық тұрғыда өтіп жатқан жүктілік??, бірақ аяқ-асты жүктіліктің 37 аптасында сізде бала орны уақытынан ерте ажырап, қан кету басталды,яғни отслойка плаценты?. Ондай ситуацияларда ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін, жедел түрде кесір тілігі жасалады. Бірақ келесі жүктілікте сізде бәрі жақсы болса, табиғи жолмен босануға жақсы мүмкіндік бар??
Кесір тілігінен кейін табиғи жолмен босану үшін не нәрсеге көңіл бөлеміз?
✅Алдыңғы кесір тілігінің себебі
✅Кесір тілігі кезінде жатырдың кесілу тәсілі
✅Отадан кейінгі жараның жазылуы
✅Плацентаның орналасқан жері
✅Жүктіліктер арасында өткен уақыт мерзімі
✅Рубецтің жағдайы
✅Плацентаның орналасуы. Мысалы бала орны бұрынғы рубец үстінде орналасқан болса, табиғи жолмен босануға кері көрсеткіш болып табылады
✅Қазіргі жүктіліктің өтуі, мысалы баланың салмағы
✅Босанып жатқан перзентхананың жабдықталуы, сізге босану барысында жедел кесір тілігі жасалу керек болса, 15 минут⏱ ішінде отаға алатындай мүмкіндік болуы керек
Кесір тілігінен кейін қандай жағдайларда табиғи жолмен босануға болмайды?
❌Егер жатыр тігінен кесілген болса (фотоны карусельге салып қойдым, жылжыта қойыңыз). Кейбір жағдайларда тері тігінен кесіліп, бірақ жатыр көлденең кесілген болуы мүмкін. Ондай ситуацияда табиғи жолмен босануға болады. Бұл ақпарат кесір тілігінен кейін перзентханада берілетін выпискаңызда жазылып тұрады?. Сондықтан выписканы сақтап қойыңыз
❌Алдыңғы кесір тілігі кезінде жатыр Т немесе J әрпі формасында кесілген болса (карусельде фотолары тұр??)
❌Алдыңғы кесір тілігі кезінде жатыр тігінен кесілген болса (карусельде??)
❌Алдыңғы босануда жатыр жыртылған болса
❌Плацента бұрынғы рубец орнында орналасса
❌Қазіргі жүктілік кезінде табиғи жолмен босануға кері көрсеткіштер болса
Ал енді қандай жағдайларда бірнеше факторлар қарастырылып, табиғи жолмен босану сұрақ белгісі астында болады?
☑️Егер баланың салмағы 4000 г-нан көп болса. Баланың салмағы көп болған сайын, жатырдың жыртылу қаупі жоғарылай береді☝?
☑️Алдыңғы кесір тілігі кезінде қалай кесілгенін білмесеңіз. Иә, кейбір келіншектер қалай кескенін де білмейді, выписканың да қайда қалғанын білмейді
☑️Бір кесір тілігінен көп кесір тілігі жасалған болса. Араларыңызда 1,2,3,4 кесір тілігі жасалған келіншектер болуы мүмкін. Бірақ бір рубецпен оңай барып босануға болатын болса, екі кесір тілігінен кейін жауапкершілік алып сізді босандыруға бел буатын дәрігерді табу қиын??⚕️?.
Қандай ситуацияда сіздің кесір тілігінен кейін табиғи жолмен босануға мүмкіндігіңіз жоғары??
✅Бұған дейін табиғи жолмен босанған болсаңыз
✅Толғағыңыз табиғи жолмен басталса
✅Жүктілігіңіз жеңіл өтіп жатса
Қандай ситуацияларда мүмкіндіктер азаяды⬇️?
☑️Алдыңғы кесір тілігінің себебі аномалия родов болса, мысалы толғақ жақсы болды, бірақ жатыр мойыны ашылмай қойды?. Сол себепті сізге кесір тілігі жасалды. Сондықтан бірінші жүктіліктен бастап, босануға дайындалу маңызды??♀️
☑️Семіздік болса, ИМТ 30-дан жоғары?
☑️Баланың салмағы 4000 г-нан көп болса?
☑️Әйелдің жасы 40-тан асқан болса??♀️
☑️Көпұрықты жүктілік
☑️Әйелдің бойы 150 см-ден төмен болса
☑️Бұған дейін бірнеше кесір тілігі жасалған болса
☑️Жүктілік ауыр өтіп жатқан болса
Жоғарыдағы ақпаратты қортындылайтын болсақ, қыздар, кесір тілігінен кейін табиғи жолмен босануға болады. Бірақ әр әйелдің ситуациясы жеке қаралады☝?. Сондықтан дайректке 2010 жылы кесір тілігі болып еді, енді өзім босана аламын ба деп жазсаңыз, мен ол сұраққа жауап бере алмаймын??♀️. Өйткені ия немесе жоқ деп айту үшін, мен сіз туралы жоғарыдағы барлық ақпаратты білуім керек.
Сондықтан міндетті түрде өз гинекологыңызбен ақылдасып ??⚕️??, шешімді бірге қабылдауыңыз керек.
Ал, ханымдар, араларыңызда кесір тілігімен босанғандарыңыз көп пе? Кесір тілігін жасауға қандай себептер болды?⤵️