Босану неше кезеңнен тұратынын білесіз бе??
Иә, әрине 3 кезеңнен. Бірінші кезең – толғақ кезеңі, жатыр мойынының 10 см-ге дейін ашылатын уақыты⭕️. Екінші кезең – баланың дүниеге келуі??. Және үшінші кезең – бала жолдасының шығуы?.
Ал енді осы сәтте постты сақтап алып, танысыңызбен бөлісе кетіңіз✈️
Бүгінгі пост үшінші кезеңде анықталатын плацентаның ақаулары туралы болмақ☝?.
Кейбір жағдайларда плотное прикрепление немесе приращение плаценты деген сияқты плацентаның ауытқулары кездесіп жатады.
Мысалы баланың орны жатырдың қабырғасына бітіп кетуі✔️
Қалыпты жағдайда босанудың үшінші кезеңі 30 минут ішінде аяқталуы керек⏰. Егер 30 минут ішінде баланың орны жатырдан шақпайтын болса, плацентаның ақауы бар екеніне күмәнданатын болсақ, дәрігер жатыр ішіне қолын салып?, жатыр ішіндегі бала орынын тексере бастайды.
Көп жағдайда дәрігердің әрекетінен бала орыны жатыр қабырғасынан ажырайды.
Ал кейбір ситуацияларда бұндай іс-әрекеттер көмектеспей, ота жасауға мәжбүр болуымыз мүмкін.
Ал енді бұндай ауытқулардың себебі қандай? Неге кейбір келіншектерде осындай патологиялар кездесіп жатады?
☑️мысалы егер сізде бұрын кесір тілігі немесе жатырға жасалатын басқа оталар болса. Егер плацента бұрынғы отаның орнына бітетін болса, кейбір жағдайларда плацентаның осындай ауытқулары кездесіп жатады?.
Бірақ маңызды☝?, сізде бұрын кесір тілігі болса, міндетті түрде осындай патология болады деген сөз емес??♀️Бұл жағдай сирек кездеседі. Бірақ бұл туралы да ұмытпау керек. Сондықтан егер сізде бұрын кесір тілігі болса және осы жүктілікте плацента жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасқан болса немесе төмен орналасқан болса, қосымша жүктіліктің 32 және 36 апталарында?? узи жасап, патология жоқ екеніне көз жеткізген дұрыс.
☑️Келесі себептердің бірі – жатыр ішіндегі созылмалы қабынулар?. Қабынған жатырдың ішкі қабаты, плацентаның дұрыс енуіне кедергі болады
☑️Бұрын жасалған жатыр ішін қыру (выскабливание), мысалы аборт салдарынан да осындай ауытқулар кездесуі мүмкін.
☝?Қыздар, тағы да қайталап кетейін! Егер сізде жоғарыда көрсетілген ситуациялар кездескен болса, ол міндетті түрде плацента ақауына алып келеді деген сөз емес. Ал плацентаның ақауларын алдын алу үшін, жүктілікпен уақытылы учетқа тұрып✔️, уақытылы дәрігер тағайындаған зерттеулерден өтіп тұру маңызды✔️
Ал сізде бұндай жағдай кездесті ме?⤵️