«Алдыңғы жүктілікте суымды жарып?, толғақ шақырған еді⚡️. Осы жолы да солай жасайды ма?» – деген сұрақ жекеге жие келеді??

Постты сақтап алып, танысыңызбен бөлісе кетуді ұмытпаңыз✈️

✅Амниотомия – ол жасанды түрде медициналық құралмен ұрық қабығын жарып, қағанақ суды шығару (видеосын карусельге салып қойдым, жылжыта қойыңыз??)

Қалыпты жағдайда толғақ кезінде жатыр мойыны 4-5 см-ге жеткен кезде? қағанақ суы өз бетімен кетуі керек. Бірақ кейбір жағдайларда толғақты жиелету үшін немесе толғақ шақыру үшін жасанды түрде қағанақ суын кетіру керек болып жатады?.

?Қандай ситуацияда амниотомия толғағы басталмаған әйелде жасалады?

☑️Мысалы әйелдің жүктілік мерзімі 41 апта 4 күннен асып жатса??. Егер сізді бұл мерзімде әлі толғақ жоқ болса, түрлі асқынулардың алдын алу үшін ?әйелге индукция родов жасалады, яғни жасанды толғақ шақыру.

Ол үшін бірінші әйелдің жатыр мойыны тексеріледі?. Егер жатыр мойыны жабық болса, дәрі арқылы ?жатыр мойынын дайындап алады. Ал егерде жатыр мойыны қысқарып, аздап ашылған болса (қалыпты жағдайда жүктіліктің соңғы апталарында жатыр мойынын қысқарып, босануға дайындала бастайды), бірден амниотомия жасалады⭕️.

Бұл ситуацияда амниотомия жасалуының себебі әйелдің толғағын шақыру. Өйткені қағанақ суын кетірген кезде, баланың басы төмен түсіп, жатыр мойын тіркендіріп, толғақ басталуына алып келеді.

Бірақ егер сізде алдыңғы жүктілікте жоғарыда айтылған ситуация болса, ол міндетті түрде қайталанады деген сөз емес??‍♀️. Қайталану/қайталабауы себебіне байланысты☝?. Егер сізде уақытылы толғақ келмеуінің себебі қандай да бір дәруменнің жетсіпеушілігінен болса, келесі жүктілікте сол дефициттің орыны толмаса жағдай қайталануы мүмкін

?Ал өздігінен толғағы басталған келіншекте қандай ситуацияда амниотомия жасалады?
Мысалы егер сізде өздігінен басталған толғағыңыз басылып қалса (слабость родовой деятельности?). Яғни сізде жақсы толғақ болды⚡️, бірақ уақыт өте келе басылып қалды.
Ондай ситуацияда бірден амниотомияға жүгінбеу үшін арнайы техникалар бар?. Мысалы терідегі нүктелерге стимуляция жасау (карусельді жылжыта қойыңыз??)

?Немесе баланың орыны төмен орналасқан болса. Ондай жағдайда да қан кету проблемасын алдын алу үшін? сізге уақытынан ерте қағанақ суын кетіруі мүмкін. Сол кезде баланың басы төмен түсіп, плацентаның ажырауына жол бермейді.

?Немесе сізде жатыр мойыны 8 см-ге дейін ашылып, бірақ әлі суы кетпеген болса – амниотомия жасалады.

Қалыпты жағдайда амниотомиядан кейін толғақ күшейіп, жатыр мойыны ашыла бастайды.
Амниотомия арнайы медициналық құралмен жасалады және әйелде амниотомия кезінде ешқандай ауру сезімі болмайды??‍♀️. Бірақ әрине кез келген нәрсе өз орынымен болғаны жақсы☝?
Егер сізде амниотомия болса толғақ қаттырақ болатынына дайын болыңыз!

?Амниотомия қандай келіншектерге болмайды?

Мысалы әйелде ВИЧ немесе гепатит В және С сияқты балаға жұғуы мүмкін инфекциялар болса?, амниотомия жасалмайды. Өйткені амниотомия жасалса, балаға инфекциялардың жұғу қаупі жоғарылайды.

Ал сізде амниотомия болды ма? Амниотомияға қандай көрсеткіш болды?⤵️