Неге жүкті әйелде?? варикоз пайда болады?

Постты сақтап алып, таныстарыңызбен бөлісе кетуді ұмытпаңыз✈️

Кейбір келіншектерде жүктілікке дейін варикоз болмаса да, жүктілік кезінде аяқтың немесе жыныстық органдардың варикозы, яғни қан тамырларының кеңеюі мазалауы мүмкін?

Жүктілік кезінде варикоздың пайда болуына алып келетін бірнеше факторлар бар☝?

✅Мысалы механикалық фактор, яғни үлкейген жатыр қан-тамырларды қысып, төменгі жақтан қанның жоғарыға жеңіл көтерілуіне кедергі жасайды?;

✅Екінші фактор – гормоналды фактор. Жүктілік кезінде әрбір әйелдің ағзасында көп мөлшерде болатын прогестерон гормоны? тегіс бұлшықеттердің босаңсуына алып келеді. Қалыпты жағдайда қан тамырлардың қабырғасында орналасқан тегіс бұлшықеттер қан тамыр қабырғасын жиыра отырып, тамырдың ішіндегі қанның жоғарыға көтерілуін қамтамасыз етеді. Ал жүктілік кезінде бұл механизм әлсірейді??. Сондықтан көптеген келіншектерде варикоз проблемасы басталады

✅Келесі фактор: жүкті әйелдегі қан мөлшерінің көбеюі?. Бұл жүкті әйелдің ағзасында болатын қалыпты өзгеріс. Егер басқа адамның ағзасында шамамен 5 литрге жуық қан болатын болса, жүкті әйелде қан мөлшері 6-7 литрге жетуі мүмкін. Әрине әлсіреген қан тамырлар қабырғасына одан ары көбірек ауыртпашылық түседі

✅Келесі фактор жүкті әйелдің қанының қою болуы. Иә, жүкті әйелдің қанының құрамы өзгереді. Мөлшері көбейсе де, қоюлығы одан сайын арта түседі. Сондықтан жүкті келіншекте қанның ұйып қалу қаупі жоғары болып саналады??.

Бұдан басқа жүкті келіншек артық салмақ қосады⚖️, ал кейбір келіншектер оның үстіне аз қозғала бастайды. Бұның бәрі варикоздың пайда болуына тікелей әсер етеді. Өйткені қалыпты жағдайда төменгі жақтан қанның жоғары жаққа көтерілуіне біздің жаттығу жасағанда, жүгіргенде??‍♀️, жүргенде жұмыс жасайтын бұлшықеттеріміз де көмектеседі. Ал жүктілік кезінде көп келіншектерде белсенділіктің азаюы?, варикоздың пайда болуына алып келеді.

Ал егер де жүкті әйелде варикозға тұқымқуалаушылық бейімділік болса, мысалы анасында немесе туған әпкесінде варикоз болса?‍♀️, немесе жұмысына байланысты ұзақ уақыт бір жерде отыру керек болса?‍?, бұндай жүкті әйелге варикоз мәселесінде одан сайын мұқият болуы керек.

☑️Варикоз пайда болған жағдайда не істейміз?

Аяқтың ауырсынуы, ауруы, сезімталдығының төмендеуі сияқты шағымдардан басқа, варикоз кезінде кездесуі мүмкін қауіпті жағдай – тромбоз?, яғни қабырғасы әлсіреген тамырлардың ішінде қанның ұйып қалу қаупі?. Сондықтан варикозы бар келіншектерге тамырларлардың жұмыс жасауына көмектесетін элатикалық бинттер, колготки, чулки ?немесе белье ?ұсынылады. Чулки таңдап жатқанда аяқтың 3 жерінен өлшем алынады (суретін карусельге салып қойдым) және эластикалық заттар варикоздың сатысына байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Нақты сізге қандай категориясы керектігін анықтау үшін ангиохирургтың консультациясы керек болады?‍⚕️.

Бұдан басқа варикоз бар аумаққа қан сұйылтатын жергілікті мазьдар ?мен қан тамырдың қабырғаларын қатайтатын препараттар ұсынылуы мүмкін?. Жеке терапияны ангиохирургпен бірге таңдалуы тиіс.

☑️Жүктілік кезінде варикоз болмау үшін немесе варикозы бар келіншектерде асқынбау үшін жасауға болатын бірнеше жаттығуды карусельге салып қойдым, өте қойыңыз??.

Бұдан басқа әрине артық салмақ қоспау⚖️, жалпы денеңізді тонуста ұстау, йога??‍♀️, жаттығу жасау??‍♀️, жүктілік кезінде ісіктің және варикоз проблемаларын алдын алуға көмектеседі.

Осы орайда, бұйырса 24.02.2022 күні, Нұр-сұлтан уақытымен 21:00-де ?өтетін тікелей эфирімде жүктілік кезінде жасауға болатын пайдалы жаттығулармен бөлісетін боламын?. Пайдалы ақпараттан қапы қалмаңыз. Ал жеңіл босану 2.0 курсын күтіп жүрген ханымдарға эфирде арнайы бағалармен тіркелуге және пайдалы бонустарды алуға мүмкіндік болады?.

Ал сізде жүктілік кезінде варикоз проблемасы болды ма? Қандай шағымдар болды?⤵️