«Аяғым ауыр еді??, 8 ай болдық, жатыр төмен түсіп кетті, қынабым сыртқа шығып тұр, не істеймін??» – деп жазыпты бір келіншек

Ел екіншісі «үйден шыға алмайтын болдым, шықсам подгузник киіп шығамын, күлсем де, түшкірсем де зәрім шығып кетеді?»- депті

Ал енді осы 2 сұраққа бір жауап болсын, постты сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісе кетіңіз✈️

Проблеманың түбіне үңілетін болсақ?, екі жағдайдың да себебі бір. Ол – жамбас бұлшықеттерінің әлсіреуі. Қазіргі таңда модный сөзбен айтатын болсақ, интимді бұлшықеттердің әлсіз болуы.

Мысалы, неге ер адамның жыныстық органдары төмен түсіп кетпейді, ал әйелдікі түседі, опущение болады? Өйткені әйел адамда төменгі жақта анатомиялық ерекшеліктер бар (әйел адам мен ер адамның жамбас бұлшықеттерінің суретін карусельге салдып қойдым??). 

Былайынша айтқанда, әйел адамның жамбас бұлшықеттері бүкіл ішкі органдарын көтеріп тұрады⚖️. Ал проблемалардың бәрі жүктілік кезінде басталатының себебі  – түсетін қосымша нагрузкалар??. Мысалы жүкті әйел аз уақыт ішінде кем дегенде 10 – 15 кг қосады, кейбір келіншектер жүктілік барысында тіпті 30-40 кг-ға дейін қосып жатады.  Іште өсіп жатқан баланың салмағы??, плацента, қағанақ суы?  – осы нагрузканың бәрі қайда түседі деп ойласыз? Дұрыс, жамбас бұлшықеттеріне?️‍♂️. Ал олар и так әлсіз болса ше? Онда бұлшықеттер өзінің күнде орындап жүрген функцияларын атқара  алмай қалады. Сол кезде түшкірсеңіз де, жөтелсеңіз де, күлсеңіз де зәріңіз тұрмай сыртқа шығып, қынап қабырғалары әлсіреп, төменге түсе бастайды??

Әрине бұл жерде сіздің бұлшықеттеріңіздің генетикалық жағдайы да рөль ойнайды?, бірақ бұл туралы келесіде әңгімелесейік.

Ал енді ойланып көрейік, жүктілік кезінде дұрыс тамақтанып, артық салмақ қоспай, баланың салмағын өсірмей, күнделікті жаттығу жасап жүрген Динара??‍♀️ мен жүктілік кезінде 30 кг салмақ қосқан, баласын 4 кг-ға дейін  өсіріп алған, жаттығу жасауға ерінетін Гүлнарды?‍♀️ салыстырайық. 

Кімде зәр тұрмау проблемасы болуы мүмкін? Кімге босану қиын болуы мүмкін? Кімде босанғаннан кейін опущение болуы мүмкін?

Жалғасы карусельде??? 

Иә, дұрыс айтасыз, Гүлнарда?‍♀️. Ал Динара болса??‍♀️, жеңіл босанып алып, бұл проблемалардың болуы мүмкін екенін де білмей өтеді. 

Ал Гүлнар болса, бұл проблемалары аздай крупный плод болғасын, артық салмақ болғасын, босану кезінде разрывтар болып?, эпизиотомия жасалып✂️, босанғаннан кейін қиналып тағы жүруі мүмкін. Босанудың қиын өтуі  өз алдына опущение болуына, соның салдарынан кіші дәрет пен газдардың тұрмауына??, жыныстық қатынас кезінде ляззат ала алмауына алып келеді.

Жүктілік кезінде осындай проблемалардың алдын алу үшін үй жағдайында жасауға болатын жаттығулардың оңай  бір түрін карусельге салдым??‍♀️, карусельді жылжыта қойыңыз? 

Жаттығуды жүктіліктің кез келген аптасында жасауға болады. ИЦН, бала жолдасының төмен тұруы, түсік қаупі, ерте босану қаупі сияқты ситуациялар болса, өз гинекологыңызбен кеңесіп алыңыз??‍⚕️

Жаттығу жасау барысында астыңғы бұлшықеттеріңізді жаттықтырасыз. Керекті бұлшықеттерді тауып алу үшін үлкен дәрет шығатын жер -анусты, қынаптың ішінде тампон тұрғандай – қынапты және кіші дәретті тоқтату үшін қысатын уретра айналасындағы бұлшықеттерді қысу керек☝?Көрсетілген бұлшықеттерді бірге қысып-жіберіп 10 рет қайталайсыз. Одан кейін атаулы  бұлшықеттерді бірге қысып, 10 секунд қысулы күйінде ұстап⏱, босатасыз. Осы комплексті күніне кем дегенде 3 рет жасау керек.

Айтпақшы  разрывсыз босануға апаратын 5 қадамды үйрететін тегін тікелей эфирім бейсенбі 23.12.2021 күні Нұр-сұлтан уақатымен 21:00-де осы парақшада өтеді. Ол жерде Алла қаласа тағы бірнеше жаттығуларды көрсетемін??‍♀️. Пайдалы эфирден қапы қалмаңыз, өзіңізге түртіп қойыңыз?

Ал енді, сізге оралайық, жүктілік кезінде жаттығу жасауға қалайсыз жалпы? Жасап жүрсіз бе? Әлде «ой бәрі туып жатыр ғо, ниче, туамыз» – дейтіндердің қатарынансыз ба? Комментарийда әңгімелесейік⤵️